Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабының 1 тармағына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы "Байзақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" №454 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №2766 болып тіркелген, Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2015 жылғы 30 қыркүйегіндегі №95 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |