1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы "Жуалы ауданы әкімі аппараты, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 286 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2764 болып тіркелген, 2015 жылдың 22 қыркүйектегі "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Жуалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Құлекеев |