Меркі ауданы әкімиятының 2009 жылғы 30 қарашадағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі №111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" №418 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 201 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1 тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі №111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №73 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтардағы "Меркі тынысы" газетінде жарияланған) № 418 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Акекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады