"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 418 қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 қаңтарда 73 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 30.05.2016 № 201 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Меркі ауданы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуіріндегі № 111 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тізілімінде № 6-6-4 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 мамырдағы "Меркі тынысы" газетінде жарияланған) бекітілген Ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тарауының 6, 7, 8 тармақтары алынып тасталсын;
      3 тарауының атауынан "және жауапкершілік" деген сөздер алынып тасталсын;
      2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімі Б. Рысмендиев

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 418 қаулысына қосымша

Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына және бөлшек сауданың негізгі ережелеріне сәйкес жасалынған.
      2. Осы ереже заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.
      3. Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылым немесе теле–радио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.

2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату

      4. Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органның арнайы қаулысымен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй–жайларда сатылады.
      5. Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып–түйілген болуы керек.

3. Осы тәртіптің сақталуын бақылау

      6. Осы тәртіп талаптарының сақталуына бақылауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады