Меркі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 15 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 236 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 15 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-104 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпандағы "Меркі тынысы - Меркенский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады