"Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығының және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 186, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 125 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 89-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 133 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 178 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармақша және  43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мынадай:
      1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5560 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2009 жылғы № 7 санында жарияланған);
      2) «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 186, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 125 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 89-е бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6160 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2010 жылғы № 12 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін,
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
                                     даму министрі
      ___________ Е. Сағадиев        ___________ Т. Дүйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады