Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 19.02.2016 № 133 және ҚР Білім және ғылым министрінің 26.02.2016 № 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бірлескен бұйрығымен.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5560 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2009 жылғы № 7 жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесінде:
1, 7, 8-тармақтарда «психоневрологиялық патологиясы бар балалардың» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардағы (бұдан әрі - МӘҰ) психоневрологиялық патологиясы бар балаларға» деген сөздер «медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
1), 2), 3) және 4) тармақшаларда «баланың» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшада «оның оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеттеріне» деген сөздер «оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «оның өзіне өзі қызмет ету және осы проблеманы отбасымен шешу қабілетіне» деген сөздер «өзіне өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «Психоневрологиялық патологиясы бар балалардың» деген сөздер «Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«психофизикалық» деген сөзден кейін «және сөйлеу психикалық» деген сөздермен толықтырылсын;
«Психоневрологиялық патологиясы бар» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақта:
бірінші абзацта «психоневрологиялық патологиясы бар балалардың заңды өкілдері» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адам, не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада «психоневрологиялық патологиясы бар балалар үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ болған» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«және» деген жалғаулық «немесе» деген жалғаулықпен ауыстырылсын;
«психоневрологиялық патологиясы бар балалар» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
«Мүгедек баланы» деген сөздер «Мүгедекті» деген сөзбен ауыстырылсын;
«әлеуметтік-медициналық,» деген сөздерден кейін «әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек,» деген сөздермен толықтырылсын;
«баланың» деген сөз алып тасталсын;
1, 2, 3 және 4-қосымшада «Баланың Т. А. Ә. _________________» деген жолда «Баланың» деген сөз алып тасталсын;
4-қосымшада:
кестенің 2-бағанында:
реттік нөмірі 3 жолдағы «Тіршілік әрекетінің шектелуі» деген сөздер «Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетінің шектелуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7, 8, 12, 13 жолдағы «ата-ана», «ата-ананың» деген сөздер «бірге тұратын отбасы мүшелері», «бірге тұратын отбасы мүшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10 жолдағы «ата-ананың» деген сөздер «отбасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14 жолдағы «бала», «баланың» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адам», «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның» деген сөздермен ауыстырылсын, тиісінше;
реттік нөмірі 15 жолдағы «баланың» деген сөз «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16 жолдағы «қамқорлықтағы адамның» деген сөздер «өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 3-бағанында:
бірінші жолда «(+ немесе -)» сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
____________ Ж. Досқалиев
2010 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ Ж. Түймебаев
2010 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________ Г. Әбдіқалықова
2010 жылғы 17 наурыз