Қарағанды облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 шілдедегі XII сессиясының "Қарағанды қаласының № 204 тіркеу мөлтек ауданының жерге төлейтін төлемақысының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы" № 12/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 91 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 15 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы VI сессиясының "Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекараларын бекіту туралы" № 122 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1846 болып тіркелген) негізінде, Қарағанды облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 шілдедегі XII сессиясының "Қарағанды қаласының № 204 тіркеу мөлтек ауданының жерге төлейтін төлемақысының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы" № 12/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 352 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданыска енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Штергер
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады