Қарағанды қаласының N 204 тіркеу мөлтек ауданының жерге төлейтін төлемақысының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессиясының 2001 жылғы 5 шілдедегі N 12/2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 10 шілдеде N 352 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі N 91 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының IV сессиясының 29.09.2016 N 91 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына - қайырымдылық істер" қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ "Жер туралы" N 153-II ҚРЗ Заңының 8 бабы 6 тармағының негізінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысын жандандыру мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласының N 204 тіркеу мөлтек ауданының жерге төлейтін төлемақысының базалық ставкасының түзету коэффициенті 0,5 болып бекітілсін.
      2. Қарағанды қаласының әкімі К.К. Изаак Қарағанды қаласының N 204 тіркеу мөлтек ауданынан әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы үшін әртүрлі меншік иесіндегі шаруашылық субъектілеріне жер телімдерін бөлу мәселелерін шешуде осы шешімді басшылыққа алсын.
      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады