1.Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 38/02 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 02/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2957 болып тіркелген);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/11 "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 09/06 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |