1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 38/2 "Теміртау қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3469 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 4 қарашадағы № 44 "Темиртауский рабочий" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |