Теміртау қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 38/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 3469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 8/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 25.02.2016 № 8/7 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Ғ. Әшімов

      

 
Теміртау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 38/2 қаулысына қосымша

Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар


 
Сауда орындары
 
1
 
117 квартал № 3 және № 4 үйлер аралығында
 
2
 
Бейбітшілік даңғылы № 100, теміржол кассасының жанында
 
3
 
Қалалық жаға- жай ауданында
 
4
 
Лебедев көшесі № 6 үй ауданында
 
5
 
94 квартал № 1 үй ауданында
 
6
 
Отрадное көшесі № 109 үйге қарсы
 
7
 
Западная көшесі № 17/1 және № 19 үйлер аралығында
 
8
 
Прокатная көшесі № 21 үй ауданында
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады