Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық меншік түріндегі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 20/1 "Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы N 25 "Теміртау" газетінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |