Қаражал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 44/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаражал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау мәселенің тиістілігіне қарай Қаражал қаласы әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
      Қаражал қаласының әкімі Қ. Шорманбаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 сәуір
  № 44/5 қаулысына
№ 1 қосымша

Қаражал қаласы әкімдігінің күші жойылған

кейбір қаулыларының

тізбесі

      1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы "2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 5 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 3626 болып тіркелген, 2016 жылы 30 қаңтарда № 5 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).
      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы "Мүгедектерді еңбекпен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 54 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 маусымда № 2658 болып тіркелген, 2014 жылы 21 маусымда № 26 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).
      3. Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 тамыздағы "Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 тамыздағы № 210 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 229 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте № 1936 болып тіркелген, 2012 жылы 29 қыркүйекте № 38 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).
      4. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаражал қаласында көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" № 382 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 25 қаңтарда № 8-5-121 болып тіркелген, 2012 жылы 11 ақпанда №6 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады