"Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 тамыздағы N 210 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 тамыздағы N 229 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте N 1936 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 44/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 15.04.2016 № 44/5 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 тамыздағы N 210 "Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-5-113, 2011 жылғы 03 қыркүйекте N 36 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы:
      "бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар" сөзінен кейін ", қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөзімен толықтырылсын;
       1 тармақтағы:
      "бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар" сөзінен кейін ", қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаражал қаласының әкімі
Ғ. Әшімов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады