1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаражал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау мәселенің тиістілігіне қарай Қаражал қаласы әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
Қаражал қаласының әкімі | Қ. Шорманбаев |
Қаражал қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы "16" мамыр № 68/2 қаулысына № 1 қосымша |
Қаражал қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы "2014 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" № 53 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 маусымда № 2657 болып тіркелген, 2014 жылы 21 маусымда № 26 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 тамыздағы "Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 210 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 тамызда № 8-5-113 болып тіркелген, 2011 жылы 03 қыркүйекте № 36 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).