2014 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 53 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 2657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 68/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 68/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 7 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар;
      3) 45 жастан жоғары тұлғалар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      5) мүгедек балаларды және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін ата-аналар;
      6) оқу орның бітіргеннен кейінгі он екі ай кезеңінде кәсіптік лицейлер және колледждердің түлектері.
      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (О. Калашникова) басымдылық тәртіпте нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау шаралары көрсетілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М. Мұқашеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаражал қаласының әкімі
Қ. Шорманбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады