"Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 31/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 21/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 482-V жаңа заңының қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 заңының негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы "Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 31/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1940 болып тіркелген, "Спутник" жарнамалы – ақпараттық № 39 (1397) апталығында, 2012 жылы 27 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
      Саран қаласының әкімі А. Шкарупа

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады