Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы N 31/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қыркүйекте N 1940 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы N 21/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 02.06.2016 N 21/02 қаулысымен.
      Халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан, Саран қаласы мен Ақтас кенті мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарында жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан 3 (үш) пайыз мөлшерiнде;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды кәмелетке толмаған түлектері үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде.
      2. Қала мекемелері мен ұйымдары, кәсіпорындарының басшылары белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін, жұмысқа орналастыру үшін тиісті жұмыс орындарының санын бөлсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Саран қаласы әкімінің
 
міндетін атқарушы
М. Кожухов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады