1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жыл 3 қазандағы № 27/04 "Қылмыстық -атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне 2013 жылғы 31 қазандағы № 2411 болып тіркелген, Приозерский вестник газетінің 2013 жылдың 15 қарашасында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы А. Ким Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет департаментін Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жыл 3 қазандағы № 27/04 "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылғаны туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
Приозерск қаласының әкiмі | Қ. Камзин |