"Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 306 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 357 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 306 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5196 болып тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінің 2015 жылғы 31қазандағы № 164-165 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихаты хатшысының
      44-сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқарушы
      К. Медет Қ. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады