“Нормативтік құқытық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 99 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5016 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2015 жылғы 10 шілдеде “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған);
2) “Жалағаш ауданы әкімдігінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 189 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5133 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2015 жылғы 16 қазанда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |