Жалағаш ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 189 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5133 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 15 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Жалағаш ауданы әкімдігінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 99 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5016 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы”;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.”;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалағаш ауданы әкімдігінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі”;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. “Осы Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ““Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.”;

      1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б”

      корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

      жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша

      нысан”;

      2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б”

      корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

      жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша

      нысан”;

      3-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жалағаш ауданы жергілікті атқарушы органдарының “Б”

      корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

      жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

      нысан”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады