"Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы " Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 301 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 146 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы 2 тармағына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы " Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2578 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А. К. Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының
      білім басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      З. Ж. Тастемірова
      23 мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады