Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 530 "Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 тамыздағы № 1429 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 530 "Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3036 санды тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырындағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
      Қала әкімі С.Трұмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады