Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы №33/308 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 37/365 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 33/308 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 2838 болып тіркелген, 2015 жылы 6 қазандағы № 178 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің көшірмелері Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдарына жолдансын.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Қ.О.Озғамбаев
 
      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 М.Н.Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады