Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 10-11-662 хаты негізіндегі, қала әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 105 "Жаңаөзен қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің тізіліміне 2014 жылғы 17 сәуірде № 2401 нөмірімн тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Б. Овезовке жүктелсін.
Қала әкімі | Е. Әбілов |