Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Худибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Әбілов |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы "26" 09 № 633 | |
қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1. Жаңаөзен қала әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 08 қаңтарда № 2931 тіркелген, 2016 жылғы 15 қантарда "Жаңаөзен" газетінің №(1750) жарияланған) қаулысы;2. Жаңаөзен қала әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 139 "Жаңаөзен қала әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 28 наурызда №2989 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Жаңаөзен" газетінің №13 (1773) жарияланған) қаулысы;
3. Жаңаөзен қала әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 351 "Жаңаөзен қала әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 8 тамызда №3119 тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте "Жаңаөзен" газетінің №38 жарияланған) қаулысы;
4. Жаңаөзен қала әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 352 "Жаңаөзен қала әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 8 тамызда №3118 тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте "Жаңаөзен" газетінің №38 жарияланған) қаулысы.