РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 2016 жылдың 26 ақпанындағы №139 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 28 наурызда тіркелген №2989, 2016 жылы 31 наурызда №13 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Маркашова):
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Әбілов |
КЕЛІСІЛГЕН:
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Э.Маркашова
"15" шілде 2016 жыл.