Маңғыстау ауданының аумағында ауылдық округ және ауылдық округ құрамына кірмейтін ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 242 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 2274 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 шілдедегі № 220 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.07.2016 № 220 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.
      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Сақтағановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ж. Айтуаров

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Маңғыстау аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      А.Аққұлов
      15 шілде 2013 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 15 шілдедегі № 242
қаулысына қосымша

Маңғыстау ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар

Село және селолық округтің атауы
Кездесу өткізілетін орындар
Шетпе селосы
1. "Н.Жұбаев" атындағы № 4 орта мектептің акт залы
2. Балалар өнер мектебінің акт залы
Сай Өтес селолық округі
Сай Өтес селолық клубы
Жыңғылды селолық округі
Жыңғылды мәдениет үйі
Отпан селолық округі
Тұщыбек негізгі орта мектебінің акт залы
Шайыр селосы
Шайыр мәдениет үйі
Тұщықұдық селолық округі
Тұщықұдық мәдениет үйі
Шебір селолық округі
Шебір селолық клубы
Қызан селолық округі
Қызан мәдениет үйі
Ақшымырау селолық округі
Ақшымырау селолық клубы
Жармыш селосы
Жармыш мәдениет үйі
Онды селосы
Онды мәдениет үйі
Ақтөбе селосы
Ұштаған мәдениет үйі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады