Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 82 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 167 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 82 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3054 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
      Аудан әкімі Т. Асауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады