"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 334 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5801 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы № 32 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланды).
2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кезектен тыс
сессия төрайымы Ж. Олжағұлова
Аудандық
мәслихат хатшысы Ә. Саматов