"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 313 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген, 2015 жылы № 15 мамырдағы № 19 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланды).
2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кезектен тыс сессия төрайымы |
Ж. Олжағулова |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Саматов |