Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 313 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 5574 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 378 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 378 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді). 

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы

Н. Игіліков

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Ә. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады