Шектеу іс-шараларды тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2016 жылғы 14 шілдедегі № 01-27/259 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Покровка ауылында мекежайында орналасқан ірі қара малдың құтыру ауруынан таза емес Светин Виктор Ивановичтың шалғайдағы кардасы аумағында шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 14 шілдеден бастап тоқтатылсын.
      2. Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6043 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2016 жылғы 9 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      Покров ауылдық округінің
міндетін атқарушы
С. Мустафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады