Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 6403 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 14.07.2016 № 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2016 жылғы 3 мамырдағы № 01-27/180 Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покровка ауылы мекенжайында орналасқан Светин Виктор Ивановичтың шалғайдағы кардасы аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Покров ауылдық округінің әкімі К. Игламова

      "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________________ В.Шерер
      2016 жылғы 13.05
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________________ Қ.Исмағұлов
      2016 жылғы 13.05
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
      Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________________ Б.Байгелов
      2016 жылғы 13.05

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады