Қарабалық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған болып тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылған болып танылсын.
      2. Осы қаулы алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

  Әкімдіктің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 40 қаулысына қосымша

Қарабалық ауданы әкімдігінің күші жойылған

кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында № 9-12-144 тіркелді, 2010 жылғы 5 тамыз "Айна" газетінде жарияланды).
      2. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 145 "Әкімдіктің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы және аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында № 9-12-160 тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады