Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 254 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 тамызда № 9-12-144 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № 40 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) дәнді дақылдар (жазғы бидай, жазғы арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011.06.03 № 145 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Хакимжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады