"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 210 "Қарасу ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 5 қазандағы № 5923 тіркелген, 2015 жылғы 14 қазандағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шәмшиев