"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 тіркелген, 2015 жылғы 08 қаңтарда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.В. Швыдченкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Ионенко