1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Даиров |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 209 қаулысына қосымша |
Науырзым ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6438 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған);2. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6441 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған);
3. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 7 маусымда № 6434 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған).