«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына, 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың көшірмесінің бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеумет Мемлекеттік қызмет істері
даму министрі Мемлекеттік қызмет істері министрі
____________ Т. Дүйсенова ____________Т. Донақов
2016 жылғы 2 маусым 2016 жылғы «__»_________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» (коды 1941110, индексі 1-E (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет)» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8126 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда № 126 (28065) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрдің міндеттін атқарушы 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 384/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9129 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің орталық аппараты «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9177 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда № 157 (28381) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
4. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрдің міндетін атқарушы 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 100/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9425 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 78-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9339 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
6. «Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 110/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9433 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымда № 113-114 (28338) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
7. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9470 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қазанда № 200 (28423) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
8. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 153/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9546 болып тіркелген);
9. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 181/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9605 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
10. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 186/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9651 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
11. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 189/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9545 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қантарда № 18 (28496) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
12.«Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338 және «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9637 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 (28476) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).