"Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 110/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9433 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 223 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 7866 болып енгізілген, 2012 жылғы 3 қазандағы № 336-337 (27155-27156) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізудің жалпы тәртібі тапсырысшының нақты объектіні кезең-кезеңмен жобалау және салу туралы ресми ресімделген шешімі болған кезде тапсырысшының сараптаманы орындаушымен жасасқан шартының негізінде жүзеге асырылады.».
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай):
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауды;
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Өңірлік даму министрі                      Б.Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады