Павлодар облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Павлодар облысы әкімінің:
      2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 1 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4334 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда "Сарыарқа самалы","Звезда Прииртышья", газеттерінде жарияланған);
      2015 жылғы 27 тамыздағы "Павлодар облысы әкiмiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 1 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4677 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қыркүйекте "Регион.kz" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      бір апта ішінде аумақтық әділет органына осы шешімнің көшірмесін жіберуді;
      осы шешімді мерзімдік баспалық басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      осы шешімді Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
       Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады