Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынуын қамтамасыз етсін.
4. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
5. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы "20" ақпандағы № 1 шешіміне қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен
өткізуді Павлодар облысының мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын
тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімінің 27.08.2015 N 5 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Р/с № | Атауы |
1 | Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, төмендегілерді қоспағанда Павлодар облысының мемлекеттік мекемелері үшін жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу: "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ); "Павлодар қаласының құрылыс бөлімі" ММ; "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ. Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің, "Павлодар қаласының құрылыс бөлімі" ММ-нің, "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-нің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бола алады |
2 | Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушінің бастамасы бойынша құны жиырма мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бола алады |
3 | Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар үшін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды өткізу |