Павлодар облысы әкiмiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 1 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 қыркүйекте № 4677 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 27.01.2016 N 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Павлодар облыс әкiмiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4334 болып тіркелді, 2015 жылғы 14 наурызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесідей толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      "

3.
Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар үшін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды өткізу

            ".

      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы шешімді Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады