Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 523/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының:
      2014 жылғы 31 қазандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 1278/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4207 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды);
      2016 жылғы 29 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 97/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ф.Б.Сапариеваға жүктелсін.
      Екібастұз қаласының әкімі К. Нукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады