Ақтоғай ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Ақтоғай ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 Қаулысына сәйкес, аудан әкімінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақтоғай ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Ақтоғай ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 13 шілдеде № 4589 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде № 28 "Ауыл тынысы" және № 28 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң аппарат басшысына жүктелсiн.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Ақтоғай ауданы әкімі С. Батырғұжинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады