Ертіс ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 10 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес, Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 5 хаттамасы негізінде және Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында қараталақ ауруы ошағын оқшаулауға байланысты, Ертіс ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қараталақ ауруының ошағын оқшаулау бойынша іс-шаралардың аяқталуына байланысты, аудандық азаматтық қорғау жүйесі күнделікті жұмыс тәртібіне ауыстырылсын.
      2. Ертіс ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 5165 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 шілдеде аудандық № 28 "Иртыш" және "Ертіс нұры" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады