Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 92/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "16" мамыр
№ 92/5 қаулысына
қосымша

Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы "Лебяжі ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 259/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Аққу үні - Вести Акку" № 50 газетінде жарияланған);
      2. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Лебяжі ауданында 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 275/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда "Аққу үні - Вести Акку" № 04 газетінде жарияланған);
      3. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "2016 жылға арналған Лебяжі ауданында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 276/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда "Аққу үні - Вести Акку" № 04 газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады